Шетелден арзан бағада зат әперемін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 14-07-2022 506

Screenshot_17.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Келес ауданының тұрғыны арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Өзбекстан Республикасынан арзан бағада киім алып, Алматы қаласының тұрғындарына  сатамыз» - деп, әбден сеніміне кірген. Жәбірленушіден алдын-ала тауарға деп 500 000 теңге ақша алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының тиянақты әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған ер адам ұсталды.

Тексеру кезінде анықталғандай, сезікті ер адам бұған дейін жасаған әрекеттерінен сабақ алмай, алаяқтық қылмысын тағы жасаған. Ол жәбірленушіден алған ақшаны жаратып жіберген. Бүгінгі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға ақша берместен бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар әртүрлі күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдарға сенім артпау керектігін еске салады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер 16 жайт мал ұрлығына қатысы бар 3-еуді ұстады
Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу