Қазақ тілін өлтіріп жатқандар - қазақтардың өздері

Oinet.kz 01-07-2022 1141

Баласын орыс мектебіне беретін қазақтар көбейді деп жатыр. Менің құрбым да қызын орыс сыныбына бергісі келеді. 

Screenshot_1.jpg

Сылтау: орыс балабақшасына барған, сабақ үлгерімі қиын болады екен. Ұрысып жүріп, қазақ сыныбына беруге көндіргендей болдық. Тағы бір құрбымның жиені бірінші сыныпты бітіріп жатыр. Орыс сыныбында. 

Қанша айтса да, сіңлісін көндіре алмапты. Менің жиенім де қазақ сыныбына барғанымен, тілі орысша шыққан. Қазір осы бір тенденция белең алып бара жатқан секілді. Ата-анасы қазақша сөйлесе де, баланың тілі орысшаға бейім. Өйткені YouTube тәрбиелеп жатыр. Бала смартфоннан қазақша контент көрмегесін осылай жалғаса береді. Енді екі-үш жылдан кейін қала балаларының басым бөлігі қазақша ұмыта бастайтын сияқты.

Гүлзина Бектасованың Facebook парақшасынан

Түркістан қаласындағы жасыл желектердің өнімділігі 65% жетті
БҚО-да дүниеге келген үшемге ерекше есімдер қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу