Жезқазғандық әйел көліктің шанағын ұрлап, металға өткізіп жіберген

Oinet.kz 19-06-2022 820

Жезқазғанда әйел адам автокөліктің шанағын ұрлап металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhyна сілтеме тастап.

Screenshot_2.jpg

Жезқазған қаласының тұрғыны қоймалардың бірінің аумағына қозғалтқышы мен дөңгелектері жоқ Mercedes-Benz автокөлігін уақытша қалдырып кеткен.

Кейін ер адам көлігінің шанағын тексеруге барғанда оның ұрланғанын көріп, полицияға шағым түсірген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдікті 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол шанақты металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырғанын түсіндіріп, мойындады. Бұл ретте түскен 20 мың теңгені өз мұқтажы үшін пайдаланған», - деп көрсетті Жезқазған қаласының Полиция басқармасы.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Күйеужігіт әйелін тойда не үшін ұрғанын түсіндірді
Полицейлер құны 2 000 000-ға жуық теңгенің темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу