Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Өзбекстанда той үстінде өз қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігітті сот жазасыз қалдырды, деп хабарлайды Газета.uz сайты.
Әкімшілік іс "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қаралған. Сот таяқ жеген әйелдің шағымдары мен қарсы мәлімдемелері болмауына байланысты жаза қолданбаған.
Ер адам кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтып уәде берген.
"Өз өзімді ұстай алмай, қолыма ие бола алмай қалдым. Түсінбеушіліктен кейін де той жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді мұндай қайталанбайды", - деді күйеу жігіт.