Қазақстандық әйелдер зейнет жасын төмендету үшін аштық жариялады (фото)

Oinet.kz 19-06-2022 9685

Қазақстанда зейнетақы жасын төмендету үшін күрес осы аптада жаңа деңгейге шықты. Бүкіл ел бойынша әйелдер бірігіп, өз талаптарын орындату үшін аштық жариялауға дайын екендерін айтты. Олардың басты талаптары қазақстандық әйелдердің зейнет жасын 60 жастан 58 жасқа дейін түсіру, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Screenshot_9.jpg

"Біз зейнет жасын заңсыз көтерді деп есептейміз. Еш талқылаусыз. Біздің қатарымыз көбейді. Жанымызға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әйелдер келіп қосылып жатыр. Біздің өз шартымыз бар. Егер біздің еңбек министрлігінің ұсынысы бізді қанағаттандырмаса, онда барлық аймақтардағы белсенді әйелдер аштық жариялау түрінде наразылық акциясына шығады. Бұл төтенше шара, бірақ осылай жасауға мәжбүрміз", - деді белсенді Майкен Биғарстанова.

Screenshot_8.jpg

Белсенділер барлық талап-тілектерін еңбек министрлігіне жолдаған. Олар әйелдермен бірнеше кездесу өткізіп, жағдайды зерттеу үшін олар тіпті арнайы жұмыс тобын құрғандарын айтты.

"Біз өз ұсыныстарымызды дайындап қойдық. Барлық ұсыныстар тікелей қаржы деңгейінде қарастырылады. Біз бір пікірге келгенде, ақпарат беретін боламыз. Бірақ сіздер әлеуметтік саладағы кез – келген бастама қаражатқа келіп тірелетінін түсінулеріңіз қажет. Олар әрқашан барлық қаржылық және экономикалық мүмкіндіктермен байланысты болуы керек", - деп түсіндіреді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Анасы өз қызын ұрып өлтірді: аталған іске байланысты күдіктінің анасы жаңа деректер айтты
Күйеужігіт әйелін тойда не үшін ұрғанын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу