Шымкентте көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Шымкентте көпбалалы ана өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда полицейлер әйелді құтқарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Түркістан” порталына сілтеме жасап.
Әйел 9 қабаттың шатырына шығып алған. Деректерге сәйкес ол бірнеше күн бұрын үйінен кетіп, сол кезден бастап іздестіруде жүрген.
Жоғалғанына бірнеше күн болған әйелді тәртіп сақшылары ұстап алып, қауіпсіз аймаққа түсірген. Әйел сол кезде есінен танып қалған. Кейін оянғанында полицейлерге айқайлап, қарсылық танытты.
Әйел өмірін қиюға не үшін барғанына жанжалдасып қалған күйеуінің себеп болғанын айтады.