Қазақстанның 4 өңірінде балалар суициді күрт көбейген

Oinet.kz 23-05-2023 694

«Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023 – 2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында елдегі балалар суициді артқан өңірлер аталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

«Қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлық пен суицид проблемасы. Бұл құбылыстың республикадағы балалар ортасында жиілігі тұрақты жоғары: 2020 жыл – 144 (әрекет – 307), 2021 жыл – 175 (373), 2022 жыл-155 (309). Өңірлер бөлінісінде суицидтің жоғары өсуі Жамбыл (3-тен 13-ке дейін), Солтүстік Қазақстан (2-ден 5-ке дейін), Қостанай (6-дан 8-ге дейін) облыстарында және Алматы қаласында (12-ден 16-ға дейін) байқалады. Өз-өзіне қол салудың жоғары деңгейі - Түркістанда (36 жағдай). Өз-өзіне қол салу әрекеттерінің өсуі Түркістан (30-дан 46-ға дейін), Ақтөбе (16-дан 21-ге дейін), Атырау (8-ден 14-ке дейін) облыстарында байқалады», - делінген жоспарда.

Құжатта елімізде өз-өзіне қол салуға бейім балаларды, олардың балалардың психоэмоционалды жағдайын және олармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін ерте анықтау мәселесі өткір тұрғаны айтылады.

«Wisevoter есебінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан суицид статистикасы бойынша 178 елдің ішінде 19-орында (100 мың тұрғынға шаққанда 17,6) тұр. Бұл ретте, ұзақтығы мен балалық шақтың қорғалуы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 180-нен 50-ші орынды иеленді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдер ата-аналар мен тәрбиешілердің өз проблемаларына немқұрайлы қарауына байланысты өз-өзіне қол салады. Осылайша ересектердің немқұрайлылығы мен қатыгездігіне наразылық білдіреді. Күшті фактор – бұл баланың әлеуметтік байланыстар жүйесі, ең алдымен отбасы. Сондай-ақ, суицид қаупін белсендендіретін ең өткір алғышарттардың бірі – жастар субмәдениеті немесе теріс қарсы мәдениет», - деп атап өтіледі құжатта.

Баян Алагөзованың қайнысы қайтыс болды
Атырауда 29 жастар қыз жоғарғы қабаттан құлап, мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу