25 метр құдықтықтың ішіне түсіп кетіп, 1 тәулік сонда жатқан
Өзбекстанда 6 жасар бала егіс алқабында қазылған құрғақ артезиан құдығына құлап, бір тәулікке жуық сол жерде болған. Бала 25 метр тереңдіктен шығарылды, деп хабардлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Nuz.uz” порталына сілтеме жасап.
Оқиға Қашқадария облысы Шырақшы ауданы Лангар ауылында орын алған. 12 маусым күні түс ауа баланың әкесі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жетті.
Диаметрі 200 миллиметрлік құдықтан баланы шығару үшін экскаваторлар, грейдерлер және басқа да техникалар қажет болған.
Бала 13 маусым күні сағат 10:25-те шығарылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін біраз уақыттан соң оның жағдайы жақсы деп бағаланды.