Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап, қайтыс болды

Oinet.kz 22-12-2020 773

Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап, батып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы құдық.png

Телеарна мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында жеке үйлердің бірінде болған. 6 және 11 жастағы екі бала қайғылы оқиға құрбаны болған. Балалар тереңдігі екі метр су құдығына құлап кеткен. Су деңгейі 1,8 метр болғаны хабарланып отыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Сенаторлар зейнетақы жинағын алудан бас тартуды ұсынған жоқ» - Еділ Мамытбеков
Шымкентте 850 мыңнан аса адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу