Маңғыстау облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіге жол бермеген
Маңғыстау облысында жаяу жүргіншіні өткізбеген полицей видеоға түсіп қалды, ол жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oinet.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Желіде жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей қойған полицеймен ұрсып жатқан әйел адамның видеосы тарады. Полицей кешірім сұраған, алайда әйел адам кешірмей, оны жауапкершілікке тартатынын айтқан.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда Ақтау маңындағы Мұнайлы ауданында болған.
- ВАЗ-2114 көлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншілер жолынан әйел адамды өткізбей қойған. Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 600-бабының, 1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қызметтік тексеру жүргізілді, - деді ведомство өкілдері.