Ақтауда Tik Tok түсіремін деп суға сүңгіген жігіт батып кетті

Oinet.kz 08-06-2022 1503

Әлеуметтік желіде видео түсіремін деп суға батқан колледж студентінің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Кадрлар қайғылы оқиғаның алдында ғана түсірілген. Желідегі тараған видеодан жігіттің суға секіру үшін ұзақ дайындалғанын көруге болады. Бұдан кейін жігіт суға бірнеше рет секірген. 

Айта кетейік, Ақтауда 7 маусымда 2004 жылы туған колледж студенті теңізге батып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жігіт кезекті рет суға секірген соң қайта жүзіп шықпаған. 

Жігіттің денесін Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері іздеген. Нәтижесінде марқұмның мәйіті 6 метр тереңдіктен табылды.

видео: stan.kz

«AMANAT»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес бағыстағы мектеп құрылысы басталды
Ұлттық музейде «100 жасаған «Жас Алаш» атты көрме ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу