«AMANAT»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес бағыстағы мектеп құрылысы басталды
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы Түркістан облысында қалай іске асырылып жатыр? 5 жылға жоспарланған Жол картасы аясында бүгінде қандай нәтижелер бар?
Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев баяндап берді. Оның айтуынша, халықтың ұсыныс-тілектерінің негізінде әзірленген Жол картасы кезең-кезеңімен орындалу үстінде. Бүгін ол білім және спорт салаларына қатысты ақпараттарға тоқталды.
- Сайлауалды бағдарламада Түркістан өңірін жан-жақты дамыту көзделген болатын. Атап айтсақ, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, спорт, денсаулық сақтау, білім беру, инвестиция тарту, туризм, кәсіпкерлік, елді мекендерді көркейту, сондай-ақ Түркістан қаласын рухани-мәдени дамыту жоспарланды. Облыс көлемінде 2022 жылдың 5 айы бойынша Жол картаның 190 тармағы орындалып отыр. Солардың бірі көршілес Өзбекстан елінен Сарыағаш ауданына қайтарылған Бағыс ауылында құрылысы басталған жаңа мектепті айта аламыз. Ғ.Мұратбаев атындағы №23 мектеп сыйымдылығы төмен және апатты жағдайда болғандықтан жаңа мектепке мұқтаждық туындады. Жол картаның «Білім беру сапасын арттыру» 3.2 тармағына сәйкес 2022 жылы орындалуы тиіс индиакторлар қатарында. Қазір құрылыс жұмыстарын «А.S.InvestStroi» ЖШС жүргізуде. Бюджеті 1 млрд. 280 млн.теңгені құрайды. Мектеп 300 орындыққа шақталған, жалпы ауданы 3100 шаршы метрді құрайды. Ауыл тұрғындарының игілігіне жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар, - деді атқарушы хатшы.
Мұнан бөлек, күні кеше Түркістан қаласында теннис орталығы ашылды. Бұл шараның орындалу уақыты 2024 жылға жоспарланған еді. Жол картаның «Бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау» 3.4 тармағына сәйкес жоспарланған уақытынан 2 жыл бұрын іске асырылды. Бюджет құны 2 млрд. 215 мың теңгені құрайды. Нысанның жалпы ауданы – 5 мың шаршы метр. Бұл Жол картасы аясында рухани шаһарда ашылған 3-ші спорттық нысан. Алғашқысы 7 мың орындық «Түркістан Арена» стадионы болса, кейінгісі «Olympic center» спорт кешені былтыр қолданысқа берілген.
Еске салсақ, 2021 жылы Түркістан облысы бойынша 1597 іс-шара жоспарланып, оның 95%- ы орындалған. Өңірде 44 жаңа мектеп, 1 балабақша ашылды. Сондай-ақ Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекенінде 150 адамдық спорттық-сауықтыру кешені, Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш аудандарының елді мекендерінде спорт алаңшалары да пайдалануға берілген.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі