«Қайрат пен Жұлдыз қазір бірге»: Жұлдыздың қайынатасы жауап берді

Oinet.kz 04-05-2022 1951

Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызбен айырылысты ма? Көптің көкейіндегі сауалға Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков жауап берді. Бұл туралы “Қазақстан” Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтылды.

Screenshot_3.jpg

"Екеуі бірге. Бірақ отбасы болғаннан кейін, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ортада, Құдайға шүкір, төрт немере бар. Жұлдызды әрқашан да жоғары қоямын. Алғашқы үлкен қызымдай болып келді. Өздерінің арасында кикілжіңдер болса, оған кіріскім келмейді. Екеуі де 33-34-ке келіп қалды. Кәмелетке әбден толған азаматтар. Ол жағын өздері шешетін шығар. Ең бастысы, екеуі бірге", - деп бөлісті Нұртас Айдарбеков.

Мақпал Жүнісова өз кешінде қызымен бірге ән шырқады (видео)
Әйелін бірге арақ ішпегені үшін ұрып өлтірген. Күдікті қылмысын мойындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу