«Тоқаевқа дәу братан ретінде ризамын. Реально красавчик!»

Oinet.kz 08-02-2022 2302

Қасым-Жомарт Тоқаевқа президент ретінде ғана емес, дәу братан ретінде ризамын. От души. Как она есть. Родной. 

Бүгін Үкіметті жинап алып, 30 жылда ұрлап шығарылған ақшаны қайтарыңдар деп бұйрық берді. Күллі Алаштың жүрегінде жатқан сұрақ қой. Реально красавчик! 

Screenshot_19.jpg

1991-2021 жылдың арасында не болмады? Кім не істемеді? Бұл Ұлы Дала кімді көтермеді? Бұл Ұлы Дала Рахат Алиев пен Болат Назарбаевты көрді. Бұл Ұлы Дала Дариға мен Әлияны көрді. Бұл Ұлы Дала саясат пен діннің жыныстық қатынасқа түскенін көрді. 

Сол жыныстық қатынастан ұлты қазақ, жүрегі бөтен, мұрты жоқ сақалын өрген балалар дүниеге келді. Хамзаны білсе де, Мәшһүрді білмейтін, Абу Суфьянды білсе де, Абайды білмейтін ұрпақ өсті. Ауыр. Қиын. Өкінішті. 

Президентіміз көлеңкелі Майнингке қарсы күрес бастапты. Екі қолыммен қолдаймын. Ұлы Далада тек семішке сатқандар мен аязда базарда тұратын аналарымыз ғана салық төлеу кереу пе? Жоқ! Заң бәріне бірдей. Қасым-Жомарттың кезінде Қас мінез бен Жомарттыққа да орын бар, тек ереже бәріне бірдей болу тиіс. 

Майнингпен 1 миллион тауып, Қазақ қазынасына 1000 тг салық төлеу - қорлық. Сондықтан Президентіміз бастап, Бас Прокуратурамыз қостап, осы Майнинг деген құбылысты қолға алғанымыз өте дұрыс бастама деп ойлаймын.

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

Айнұр Тұрсынбаева бастаған блогерлер халықтан 1 млрд теңге жинады
Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу