Айнұр Тұрсынбаева бастаған блогерлер халықтан 1 млрд теңге жинады
Айнұр Тұрсынбаева бастаған блогерлер бір жарым жастағы сәбидің еміне қажетті 1 миллиард теңге жинап берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Тараздық Айсезім Еркін омыртқа бұлшықетінің атрофиясынан зардап шегуде. Салдарынан жүрмей де қалуы мүмкін. Айсезімнің анасы Салтанаттың айтуынша, бұл емге қажет дәрі – «Золгенсма». Оның өзі 2 жасқа дейінгі балаларға арналған. Ал оның бағасы – 1 миллиард теңге. Бұл – бір ғана инъекция.
– Бір миллиард теңге! Айсезім осы сәтті тұп-тура 1 жыл күтіп жатты... Осыдан 4-ақ күн бұрын 301 миллион қалғанын естіп жинауға 1 ай уақыт кететін шығар деп ойлағанмын.. Сосын күні-түні дұға тіледім.. Алғашқы күнгі халықтың қарқынын көріп 7 акпан күні толық жинаймыз деп сенімді болдым... Ең басты байқағанымды айтайын ба? Халықтың ниеті тап-таза екенін, мейірімді адамдардың өте көп екенін, қазақтың қанындағы тектіліктің жоғалманын көрдім.. Сөз жоқ халқыма! Барлығы менен "шаршадың ба?" деп сұрап жатыр... 1,5 жасар сәби өмір мен өлімнің арасында жүрегі біресе соғып, біресе тоқтап жатқанда 3 күн отыру не бопты тәйірі..Енді ұйықтайық... Қазақ болып тумағанда не етер ем?!, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.