Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Алексей Цойдың сөзінше, мемлекеттік қызметтен кету туралы шешімді осыдан 8 ай бұрын қабылдаған. Осы ретте, ол өзі басқарған кезде ведомство бәріне мейлінше ашық болғанын атап өтті.
- "Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифингке шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейде 3-4 сағат кетеді. Оған қоса дайындық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді", - дейді бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.