Әйелім жүргіш болып кетті (болған оқиға)

Oinet.kz 03-01-2021 7672

Алматының шығыс айналма жолы жағындағы «Щирокая Щель» саяжай серіктестігінен «дача» сатып алғанмын. Қарағанды жақтан інім мен мені өсіп-жеткізген өгей әкемді көшіріп алдым. Анам бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

image.png

Үйленгеніме бір жылдай болды. Өзім отызға келіп үйлендім. Әйелім Жұлдызды қыздай алған едім. Ол жетімдер үйінде тәрбиеленген. Өзім дүкендерге нан тасимын, жүргізуші-экспедитормын. Жұмыстан бос уақытта үйдің ауласында елдің көлігін жөндеп, тәп-тәуір қосымша қаражат табамын. Інім де үйленіп, бөлек кетті. Біреуден артық, біреуден кем күнімізді көріп, үйді кеңейтуді жоспарлап жүргенмін. Себебі Жұлдыз тұңғышымызды көтергенін айтты. Қуанышымда шек жоқ.

Әкем үйде ұйықтап жатқан. Өзім бір танысымның көлігін жөндеп жатқанмын. Ол жанымда көмектесіп жүрді. Қақпаны біреу қаққандай болды. Көршім екен. Біршама уақыт онымен сөйлесіп, үйдің артына, жөндеп жатқан көлігіме қайтып оралдым. Оны көргенше көрмегенім артық еді.

Жұлдыз! Менің Жұлдызым, әлгі танысыммен жабысып, сүйісіп тұр. Көзіме қан толып, екеуін де ана дүниеге аттандырғым келді.

Өз көзіме өзім сенбей, менің әйелімді құшып тұрған еркекке атылдым. Басы-көзі демей төпелей, ұра бастадым. Оны көрген Жұлдыз гараждан атып шықты. Әлгіні әбден соққылап болып, Жұлдызды іздей бастадым. Қақпаның алдында жүр екен. Жетіп барып шапалақпен бетінен осып жібердім. Қорыққанынан ол ауланы айнала қашты.

Бір кезде есімді жисам, аулада отырмын. Жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жүр. Қолымды қайырды да, бөлімшеге бірақ апарды. Соққыға жықты деген айып тағылды. Анау арызын қайтып алғысы келмеді. Біраз уақыттан кейін, бір сөзбен айтқанда, онымен келісімге келіп, көлігін тегін жөндейтін болып, үстіне қаражат қосып беріп, ақыры полициядан босап шықтым.

Үйге келген соң Жұлдызбен сөйлескім келмеді. Ол әпкесінің үйінде жүрді. Бір ай өткен соң біртіндеп сөйлесе бастадық. Бірақ ара-қатынасымыз әрине, бұрынғыдай емес. Әкем уақытша інімнің үйінде тұруға кеткен. Қызымыз бір жасқа толды.

Біз тұратын Щирокая щель — шағын елді мекен. Көрші-қолаң, жүретін автобус жүргізушілері сол жақта тұратындарды жақсы біледі.

Бір күні жұмыстан қайтып келе жатсам автобус жүргізушісі маған «сенің әйелің жүр еді ғой бағана, автобустан әрең түсті, мас, қызың бар қолында», — деді. Үйге жеткенше асықтым. Жұлдыз ұйықтап жатыр екен. Бөлменің іші мүңкіп тұр. Қызым ойнап отыр.

Адам маңдайға жазылғанын көреді екен.

Бір күні жұмыстан үйге келсем, көрші Қайдар деген жігіт Жұлдыздың үстінде еңкілдеп жатыр. Екеуі анадан туғандай тыр жалаңаш.

Өз көзіме өзім сенгім келмеді. Қанша уақыт состиып тұрғанымды білмеймін. Екеуі үрпиіп-үрпиіп атып тұрған кезде мен үйден атып шықтым. Жақын маңда Санька деген бір орыс досым болатын. Қашан көрсең «көңілді» жүретін жігітке «құй» дедім…

Сөйтіп, бірнеше күн үйге бармай, достарымның үйінде жүрдім. Үйге келдім Мінезім тұйық болғандықтан бұл жолы да Жұлдызбен сөйлескім келмеді. Неге? Не үшін деген сауалдарға жауап іздегім келмеді.

Екеуіміз бір үйде тұрып жатырмыз. Сөйлеспейміз. Қуып жіберейін десем, қызым кішкентай. Қызым үшін шыдайын дедім.

Негізгі жұмысымнан шығып кетіп, үйде көлік жөндеумен шұғылдандым. Себебі, қызымды қалдыратын адам жоқ. Жұлдыз қыздарға кеттім, құрбыларыммен отырамын деп жиі кететін. Арамызда ешқандай жақындықтың жоқтығынан көп ештеңе айтпайтынмын. Әйтеуір өмір сүріп жатырмыз, өзімді іштей жеумен болдым. Әкем жанымда.

Бір күні дүкеннен келсем үйде қызым жоқ, Жұлдыз жоқ. Әкем кеше ғана зейнетақысын алған еді. «Маған ақшамды көрмедің бе?» — деді.

Әкемнің зейнетақысын түгел алып, қызымызды әпкесінің үйіне апарып тастап, өзі ұшты-күйлі, белгісіз бағытқа кеткен. Содан бері қызым сол үйде.

Міне, екі жарым жыл өтті. Жұлдыз анда-санда хабарласып, әпкесіне хабарлама қалдырады екен. Маған бірнеше рет хабарласып, түрлі сөздер айтып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты.

Бір таныстардан естігенім — Жұлдыз өзінен екі мүшел үлкен, әкесіндей адаммен көңіл қосыпты. Екеуі бірге ішіп, бірге тұрып, әркез бірге жүреді екен.

Мен ажырасу үрдісін бастадым. Сотқа арыз қалдырып, ендігі ойым қызымды Жұлдыздың әпкесінен алып, өзім тәрбиелегім келеді.

Жұлдызды жек көремін деп айта алмаймын. Бір ғана ой мені мазалайды. Неге бұлай болды?

Жазып алған – Аяжан Төрехан 

alashainasy.kz

Министр: «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе?»
Тоқаев: «Шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу