Министр: «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе?»

Oinet.kz 03-11-2021 1362

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "он жеті ер адамнан зорландым" деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Oinet.kz сайты хабарлайды.

image.png

- Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, бір күн болған жоқ. Операция кезінде ол табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз, шағым болған жоқ. Бір күн өткен соң, арыз түсті. Содан кейін қыздың анасы өтінішінен бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адамның зорланғаны туралы мәлімдеме пайда болды - деді Тұрғымбаев Мәжіліс сыртында.

Ол жаңа өтінішті полиция тіркегенін айтты.

- Тексеруге міндеттіміз және жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Осы тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады - деді ол.

5 жастан бастап вакцина салу мақұлданды
Әйелім жүргіш болып кетті (болған оқиға)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу