"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 жеңіс" акциясы
"Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 Жеңіс" акциясының челленджін қабылдайды.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 30 жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының құрылған кезі де Тәуелсіздік жылдарынан алыс емес. 1989 жылы құрылған орталық 2018 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы және Түркістан облысы болып бөлінуіне байланысты Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК болып қайта құрылды.
Орталық келесі бөлімдерден тұрады:
1. Әкімшілік
2. Әдістемелік ұйымдастыру бөлімі
3. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі,
4. Профилактикалық жұмыстар бөлімі
5. Емдеу-алдын алу бөлімі,
6. Диагностикалық зертхана,
7. Информатика және АИТВ инфекциясын компьютерлік бақылау бөлімі
Орталық қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген: қоғамдық денсаулықты ұйымдастырушылар, эпидемиологтар, жұқпалы аурулар бойынша мамандар, терапевт, фтизиатр, акушер гинеколог, психотерапевт, дерматовенеролог, психолог, зертханалық техник, әлеуметтік қызметкерлер және т.б. жұмыс істейді.
Орталық қазіргі заманауи зертханалық диагностикалық анализаторлармен жабдықталған. Шымкент қаласы бойынша алғашқылардың қатарында иммуноферменттік (ИФА) және полимеразды тізбекті реакциясын (ПТР) қолданысқа енгізген. Диагностикалық зертхана бүгінгі таңда Республикада ең үздік зертханалардың бірі. 2020 жылдың 15 желтоқсанында диагностикалық зертхана ұлттық аккредитациядан өтті. Орталықтың мамандары АИТВ емдеу, алдын-алу, балаларға медициналық көмек көрсету бойынша республикада, ТМД-ның жетекші және шет елдерде дайындықтан өткен, мол тәжірибеге ие.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында қызметкерлер саны 121 адам, кәсіподақ ұйымының мүшелерінің саны 112 адам, оның ішінде: дәрігерлері – 23, жоғары білімді мамандар – 8, лаборант – 15, лаборатория мамандары – 11, орта буынды қызметкерлері - 23, кіші буын қызметкерлері - 9, әкімшілікте – 23 адам.
2021 жылы 5 ақпан айында кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бас дәрігерімен 3 жылға ұжымдық шарт жасалынды. Кәсіподақ ұйымымен еңбек ақыларының уақытылы төленуі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүйелі жүргізіледі.
Мерекелер қарсаңында мәдени шаралар өткізіледі, оның ішінде 8 наурыз, 22 наурыз, 12-мамыр медбикелер күні, 7-9 мамыр, медицина қызметкерлері күні, 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Егемендік алған күні және Жаңа жыл мерекесіне.
Бұдан басқа 8 медицина қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығуына, 2 ауған соғыс ардагеріне, 1 Чернобыль ардагеріне, юбилярларға және зейнеткерлікте отырған қызметкерлерге сый сияпаттар беріледі. Барлық іс-шараларды өткізуге кәсіподақ ұйымынан қаржы бөлінеді. Іс-шараларда мақтау қағаздары, сыйлықтар, конфеттер, гүлдер алынады. Бұдан басқа медициналық қызметкерлердің күніне орай өткізілген спартакиядаларға қатыса отырып бірінші орынға ие болды, Денсаулық Фестиваліне ұжым белсене қатысады.
2020 жылы түскен кәсіптік жарна 1 479 850 теңге, оның ішінде 814 500 теңгесі қызметкерлерге материалдық көмекке жұмсалды және қосымша Қазақстан Республикасының «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалынан пандемия кезінде екі адамға материалдық көмек ретінде продукті алуға талон берілді. Қазақстан Республикасының «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалынан пандемия кезінде медициналық құрал-жабдықтар алу үшін көмекке – 300 мың теңге берілді (сертификат). 2021 жылдың наурыз айында аз қамтылған қызметкерлеріне материалдық көмек ретінде 50 мың теңге (сертификат) және ЖИТС-орталығы бастауыш қәсіподақ ұйымынан 110 мың теңге берілді.
Кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігінің үздігі төс белгісімен – 4 адам, құрмет грамотасымен – 1 адам, Шымкент қаласы әкімінің грамотасымен – 1 адам, қалалық денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен – 10 адам марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің үздігі төс белгісімен – 1 адам марапатталды.
Айта кетейік, өткен жылы өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ХХVI съезінде 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» деп жарияланған. Осыған орай, қаламыз бойынша өткен алғашқы онлайн кездесу де қалалық «Жұқпалы иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі» орталықта өткізілді. кездесуге Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев, Парламент мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов пен Екатерина Смышляева, қалалық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Ілімшеев, кәсіподақ комитетінің мүшелері қатысты.
Шымкент қалалық «Жұқпалы иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі» орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы біздің мақтанышымыз. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері үшін қуанамыз!
#kasipodaqkz
#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы