Танымал адамдар жарнамалаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды
Алматыда Astex.kz ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС ірі қаржы пирамидаларының ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, күдікті - 29 жастағы ер адам. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру мен басқару" бойынша айып тағылып отыр.
- Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін 47 жастағы ер адам күдікке ілінді. Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу Алматы қаласы ДП Тергеу басқармасының тергеушілеріне жүктелген, - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.