Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты жұмысқа алу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Елжан Біртановқа қатысты, оған сот үйден шығып, жұмыс істеуіне рұқсат берді. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдем қызметіне жұмысқа аласыз ба? - деп сұрады журналист тікелей эфирде.
- Бүгінде бізде осындай ақпарат бар. Біздің білуімізше, ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр, - деді Алексей Цой.