Зират жеріне байланысты тағы бір дау шықты

Oinet.kz 23-02-2021 970

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы "Ремизовка" зиратынан 23 қабір "Кеңсай-2" зиратына қайта жерленген. Енді туыстары ешқандай келісімсіз қайта жерленді деп шағымданып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Зират.jpg

2021 жылдың қаңтарында 71 жастағы алматылық Хадим Закарин "Ремизовка" зиратындағы ата-анасының қабіріне келген. Бірақ ҰОС ардагері Хамит Мәмбеталиев пен Гүлмаржан Закаринаның ескерткішін де, қоршауын да таппаған. Қария полицияға жүгінеді.

- Тергеуді бастаған кезде зират Алматы әкімінің он жыл бұрынғы қаулысы негізінде жабылғанын білдік. Жарлықта белгісіз қалдықтарды қайта жерлеу туралы айтылған. Ата-анамның қабірлерде тиісті жазулар болған. Бұл олардың ескерткішін қорлау, - деді ол.

Сондай-ақ, ол бұған дейін белгісіз адамдар қайта жерлеуге келісім беруді сұрап, ақшалай өтемақы ұсынғанын айтты. Бірақ ол бас тартқан.

"Қайта жерлеу туралы шарт жасалғаны белгілі болды. Онда салттық қызмет көрсету комбинаты орындаушы, ал шарт бойынша тапсырыс беруші қала әкімдігі емес, жеке ЖШС. Эксгумацияға ішкі істер органдарымен келісім де болған жоқ, ал қайтыс болғандардың туыстары хабардар етілмеді. Көптеген сұрақ туындайды.

ҰОС ардагерлері зиратын осылай қорлайтындай қандай жағдай болуы мүмкін?

Қайтыс болғандардың қалдықтары толық алынды ма? Дұрыс жерленді ме?

- "Кеңсай-2"-де бір қоршауда сегіз мүрде жерленген орындар бар. Дәл сол сегіздің екеуі біздің ата-бабамыз екеніне қалай сенеміз?" - деп Закариндер отбасы сұрақ қойды.

Алматы әкімдігі "Ремизовка" зираты 1940-1950 жылдары құрылған және ешқандай құқықтық құжаттары жоғын хабарлады. 2010 жылғы 27 қазанда санинспекторлар қорытындысы негізінде зиратты жабу туралы қаулы шыққан.

Әкімдік қайта жерлеу туралы хабар бергені анықталды. Бірақ 2010 жылы.

image.png

"Алматы қаласының мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинатына" осы қаулыны орындау бойынша тапсырма берілді. Арнайы комиссия бұқаралық ақпарат құралдарына ("Вечерний Алматы" газеті) "Ремизовка" зиратында қайтыс болған адамдардың сүйектерін қайта жерлеу туралы хабарландыру берген.

Нәтижесінде қайтыс болған 16 адамның туыстары жауап беріп, олардың келісімімен адам сүйегі басқа зираттарға қайта жерленген. 

- Алматы қаласының мамандандырылған салттық қызмет көрсету комбинаты" ЖШС-нің 10 жылдық күту мерзімі аяқталғаннан кейін 2020 жылғы ақпанда зиратты жабу бойынша жұмыстар аяқталды және қайтыс болған 23 сүйекті қайта жерлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлады Алматы әкімдігі қоғаммен байланыс қызметі өкілдері.

Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды
Марсқа қонған Perseverance (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу