Дауылбаевтың қандай қызмет атқаратыны белгілі болды

Oinet.kz 07-05-2023 918

Еркебұлан Дауылбаевтың Түркістан облыстық әкімдігінде қандай қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Бұған дейін біз Түркістан облыстық әкімдігінде өңір басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Жайлы мектеп» жобасымен салынатын мектептерге қатысты жиын өткенін,  осы жиыннан  облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта және ресми сайтта Еркебұлан Даулыбаевтың суреті жарияланғанын, алайда кейіннен суреттің алынып тасталғанын жариялап едік. Дауылбаевтың Түркістан облыстық әкімдігінде не қызмет атқаратыны белгілі болды. Кешегі күні Жетісай аудандық әкімдігі Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаевтың «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданына салынатын мектептердің құрылысымен танысқаны туралы ақпарат таратты. Яғни, Еркебұлан Дауылбаев қазіргі уақытта Дархан Сатыбалдының кеңесшісі лауазымын атқарады деген сөз. 

Screenshot_1.png

Еркебұлан Дауылбаев уақтысында Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2018 жылы ол Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың кеңесшісі, одан кейін орынбасары болып қызмет етті. Бұдан кейінгі жылдары Дауылбаев  министрлікте, Президент әкімшілігінде еңбек етіп, былтыр ақпанда  индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Биыл наурызда оның өз еркімен вице-министр лауазымынан босатылғаны туралы ақпарат таратылған болатын. 

Дауылбаевтың кеңесшіліктің креслосында ұзақ отырмауы мүмкін. Жақын арада оның құрылысқа қатысты лауазымды иеленуі ықтимал.  

Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты
Шымкентте бір топ шенеунік парамен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу