Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

Oinet.kz 04-05-2023 638

6450da5d328fc508361024.jpg

Астанадағы Байқоңыр аудандық №2 соты Гүлмира Сатыбалдыға  7 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Оның сыбайластары Мәди Батыршаев-7 жылға, Рашид Утебеков-5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сонымен бірге  Гүлмира Сатыбалдыны «Құрмет» орденінен айыру жөнінде ұсыныс берген.  

Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды былтыр наурызда қамауға алынған болатын. Оған бірнеше ауыр айыптаулар тағылды. Соның ішінде кәсіпорындардың акцияларын заңсыз иемдену, адам ұрлау және бюджет қаражатын талан-таражға салу бар. Ол бұған дейін Айгүл Мекешевамен «Galanz Bottlers» және «Maxi Bottlers» компаниялары акцияларындағы жәбірленушінің үлесін өткізіп беру туралы медиативтік келісім жасасқан болатын.

Қазіргі уақытта Қызылорда Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі «Ария Жаңа Астана» компаниясына қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Мұқндай сот отырысы алдағы уақытта Шымкентте де басталуы мүмкін. Өйткені құзырлы органдар аталған компанияның бұған дейін Шымкент қаласындағы тендерге қатысып, 747 миллион теңгені талан-таражға салғанын мәлімдеген болатын. 


Ғабидолола Әбдірахымов: «Өзіме қатысты күмәнді пікірлерді сейілтетін уақыт келді»
Дауылбаевтың қандай қызмет атқаратыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу