Марсқа қонған Perseverance (видео)

Oinet.kz 23-02-2021 713

Америкалық NASA ғарыш агенттігі Perseverance роверінің 18 ақпанда Марсқа қону сәтінде түсірілген видеоны көрсетті.

pERSEVERANCE.jpg

Видеоны бірнеше камера түсірген. Камералар аппараттың бірнеше жеріне орнатылған. Түсіру 11 шақырым биіктікте басталған. Видеодан басқа планетаға жеткен ең үлкен парашюттың ашылу сәтін де көруге болады.

"Персивирэнс" ровері Езеро кратеріне қонды. Кратер диаметрі - шамамен 49 шақырым. Ғалымдар бұл жерде кезінде су болған деп болжайды.

Зират жеріне байланысты тағы бір дау шықты
«Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар бір рет қана баспана ала алады» - Бейбіт Атамқұлов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу