Алматыда медицина қызметкерлері вакцина салдырудан бас тартты
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали 1 ақпаннан бергі "Спутник V" вакцинасының аралық қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Бірінші кезеңде тек медицина қызметкерлеріне салынды. Ол жұқпалы аурулар ауруханасында, реанимация бөлімдерінде, фильтр, тіркеуде жұмыс істейтіндер мен СЭС қызметкерлеріне салынды. Медициналық көрсеткіштер бойынша 55 адамға вакцина салынбады, ал 3 адам вакцинациядан бас тартты. Вакцинаны сақтау қоймасына алу процесі, оны медициналық ұйымдарға тасымалдау және вакцинаны қою процесі қосымша қадағаланады. Үш адам қорқатындықтан бас тартқан жоқ. Қазақстанда вакцинация еркін түрде жүргізіледі. Егер адам дайын болмаса, оның вакцинациядан бас тарту құқығы бар, - деді Лаура Мырзағали.