«Тәулігіне 40 мың адам індет жұқтыруы мүмкін»: Жаңа министр болжам жасады

Oinet.kz 12-01-2022 4574

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамының табылуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.

Screenshot_5.jpg

Министрлік омикрон штамының анықталуына және вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.

"Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100% қамтылғанда және профилактика шараларын жаппай сақтағанда, тәулігіне 17 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70%-ке дейін қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі", – деді Ғиният үкімет отырысында.

Ал пессимистік сценарий кезінде – ревакциналаумен 40% қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамаса, тәулігіне 40 мың адам індетке шалдығады деген болжам бар.

Осыған байланысты министр қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға кеңес берді. Қоғамдық орындарда, көшеде маска тағу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар ол вакцина және ревакцина жасауға шақырды.

Stan.kz

Алтынай Жорабаева көпшілікке енесін көрсетті (фото)
Жалғыз өзі көтеріліске шыққан мас елді күлкіге қарық қылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу