Алматы облысында ұсталған әкімнің ісі туралы жаңа мәліметтер шықты

Oinet.kz 09-02-2021 853

Алматы облысының прокурорлары Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің ісі туралы жаңа деректер айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Серікжан Ерекешев.jpg

Қадағалау органы өкілдерінің мәліметінше, биыл 24 қаңтарда аудан әкімі Серікжан Ерекешев пен Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу басталған. Іспен Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр.

- Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары, яғни, "Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның қомақты мөлшерде ақша түрінде бірнеше рет пара алуы" бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлады облыс прокурорының бірінші орынбасары Рашид Әміров.

Оның айтуынша, 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Талғар ауданының әкімі екі айға қамауға алынды. Айта кетейік, санкцияны Іле аудандық сотының тергеу судьясы шығарған.

- Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді, - деп қосты Әміров.

дереккөз: Tengrinews.kz

42500 теңгені кімдер қайтаруға тиіс?
Қазақстанда интернеттің аты бар, заты жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу