Депутат 30 жыл бойы билікте жүрген басшыларға шүйлікті (видео)

Oinet.kz 15-01-2021 1387

Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы 30 жыл бойы билікте жүріп қазақ тілін қолданысқа енгізбеген басшыларға шүйлікті. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Оразкүл Асанқазы.jpg

- Айтқанының бәрі келген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтады: Қазақстанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнайды. Бірақ ол заманның орнау, орнамауы қазақтың өз қолында. Қазақ екі нәрсесіне ие болу керек дейді. Бірінші тілі, екінші діні дейді. Тілді орнына қоймай, қазақтың ұлан-ғайыр даласында мемлекет құрып отырып, оның мемлекетінің тілін қолданысқа енгізбей біздің саясатынымыз да, экономикамыз да әлеуметтік жағдайымыз да жөнделмейді. Сондықтан билікте жүрген ағайын ең жақсы үгіттеу, ол жеке бастың үгіттеуі. Осы жерде жүріп, 30 жылдың ішінде өзіңнің ана тіліңді, өзіңнің тіліңді, мемлекеттік тіліңді, қазақ тіліңді қолданысқа әкелмеу ұят. Құдайдан қорық, халқыңнан ұял - дейді Оразкүл Асанғазы. 

Танымал блогер Бауыржан Байбекпен амандасқан соң бизнесі жүріп кеткенін айтты
Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағалары сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу