Жапаров бір тиын да ұрламауға ант берді
04-04-2022
Қырғызстанда 10 қаңтарда президент сайлауы және мемлекеттік басқару формасын анықтайтын референдум өтті. Әзірге Садыр Жапаров 79,24 пайызбен алда келеді, деп хабарлайды Oinet.kz Азаттық Радиосы-на сілтеме жасап.
10 қаңтар күні сағат 22:00-ге дейін саналған дауыстың алдын ала нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 38,70 пайызы ғана дауыс берген. Президент сайлауына дауыс беру құқы бар 3 563 574 адамның тек 1 581 569-ы сайлауда дауыс беріп отыр. Сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша, Садыр Жапаров 79,24 пайыз дауыспен көш басында келеді. Жапаровтың басты бәсекелесі болып отырған Адахан Мадумаров 6,71 пайыз дауыс жинаған. Ал үшінші орынды 2,35 пайыз дауыспен Бабыржан Төлбаев иеленуде. Қалған 12 үміткердің көбі 1 пайыздан аса алмаған.
Ал мемлекеттік басқару формасын өзгерту туралы референдумда Садыр Жапаровтың командасының ұсынысына дауыс бергендердің саны басым. Президенттік басқаруды қалайтындар, яғни дауыс беруге қатысқандардың 81,27 пайызы барлық билікті президент қолына тапсыруға келіскен. Парламенттік басқару формасын қолдағандар болса 10,82 пайыз, екеуіне де қарсылар 4,42 пайызды құраған.