Қырғызстан Президенті шекарадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетінін айтты

Oinet.kz 28-01-2022 893

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жағдай туралы қысқаша мәлімдеме жасады. Бұл туралы azattyk.org хабарлады.

Screenshot_2.jpg

Садыр Жапаров шекара мәселесі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі деп отыр. 

"Шекарада орын алып жатқан жайт толықтай бақылауда. Бәрі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі. Алаңдамаңыздар", - деді мемлекет басшысы. 

27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы Баткендегі Торт-Коча ауданында Тәжікстан тұрғындары жолды жабуға тырысқан болатын. Келіссөздерден кейін жағдай ушыға түсті. Қырғызстан Шекара қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, осыдан соң қырғыз тарапы басқа ауданда – Чыр-Добода оқ атқан.

Қырғызстан бұл жайтқа қатысты тәжік шекарашылары қасақана арандатушылыққа барды деп отыр. Ал тәжік тарапы Қырғызстанды кінәлауда.  

«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат туралы айтты
«Менің анам - жезөкше!» Күйінген оқушы өз мектебін өртеп жібермек болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу