«Премьер-министр маған бір хат жіберді» - экс-шенеунік Нұржан Әлтаев (видео)

Oinet.kz 04-12-2020 1412

Экс-шенеунік Нұржан Әлтаев өзі жолдаған "депутаттық сауалдан" кейін Асқар Маминнен не себепті жауап болмағанын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

Нұржан Әлтаев пен Асқар Мамин.png

Журналистің "Премьер-Министр Асқар Маминді есеп беруге шақырдыңыз, неге келмеді? Жіберген хатында не бар?" - деген сұрағына экс-шенеунік өз жауабын берді.

- Cоны менде түсінбедім. Неге келмегенін спикерден сұраған жоқпын. Премьер-министрді мен ойлаймын ол ойлайды неге мен депуттардың алдында тұрып, жауап беруім керек деп. Сөйтті де келген жоқ. Маған бір хат жіберді. Осындай да осындай, ол хатты отписка деуге болады. Себебі оның ішінде бірде-бір  мәлімет жоқ. Қаражаттың қайда кеткені туралы мәлімет жоқ. Неге осындай проблема болды, ары қарай не болады. Екінші, үшінші толқын басталса Үкімет не істейін деп жатыр, мемлекеттік органдар не істеп жатыр соның жауабы берілген жоқ - дейді Нұржан Әлтаев.

Біздің мектепте білім алғысы келетіндер көп
«Нұржан Әлтаевтың артында кім тұр?» - экс-депутат шындығын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу