«Мұхтар Шаханов халықты алдап жатыр» - оппозиционер
Белгілі оппозиционер Ержан Тұрғымбай ақын Мұхтар Шаханов туралы жеке пікірін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбаймен сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Оның әңгімесінің төркіні Мұхтар Шаханов мына саяси жүйенің адамы деген түйінге келіп саяды.
- Қайрат Нұртас, Тұрсынбек Қабатов ауыз жаласпаса кішкене табыстары азаяр еді. Бірақ, арын сатпай мына жүйенің жұмысын жалғастырмайтын еді. Халық оларды жақсы көреді ғой. Халық Мұхтар Шахановты. Былтырғы сайлауда екі-үш күн қалғанда Мұхтар Шаханов ағамыз шықты "Тоқаевқа сенім артамыз. Ағайын дауыс беріңдер. Қазақ тілін дамытамын деп айтып, маған сөз берді" - деп. Неге шықпайды қазір Мұхтар Шаханов. Мәдениеттен айырылдық. Салт-дәстүрімізден, тілімізден, ділімізден. Бізде орыстардың, арабтардың мәдениеті жүр. Біз таза мәңгүртке айналып бара жатырмыз - деді оппозиционер.
Сондай-ақ, оппозиционердің айтуынша Мұхтар Шаханов өз беделін пайдаланып, халықты алдап жүрген көрінеді.
- Бұл жерде қыл үстінде халықтың тағдыры тұр. Бұл кісі беделін алып халықты алдап жатыр ғой. Мен айттым ғой жағаласпа! Мұхтар Шаханов жақсы жұмыс жасады. Мың да бір алғыс. Қазақтың мәдениетіне әкелген жұмысы зор. Біз Мұхтар Шахановпен мақтанамыз. Қырғыздар Шыңғыс Айтматовпен мақтанады. Бірақ Айтматов арын сатқан жоқ қой. Ақаевқа барып жағаласып - деді Ержан Тұрғымбай.