Танымал журналист Косаревтың адалдығын жоғары бағалады

Oinet.kz 01-12-2020 888

Белгілі журналист, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Мұхтар Түменбай Қазақстан коммунистік халықтық партиясының (ҚКХП) хатшысы Владислав Косарев туралы ойын білдірді. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатта айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Косарев депутат.jpg

Нартай Аралбайұлының "ҚКХП "Қазақстан Халықтық партиясына" айналды. Қуаныштысыз ба?" деген сауалына Мұхтар Түменбай: 

- Бұл партия деформациясын өзгертті. Халықтық партия дегенді қалай түсінеміз? Халықтың ішінде біреулер түбегейлі өзгерісті қалайды. Біреулер ауыс-түйіс болып косметиикалық өзгерістер болса да жетеді дейді. Үшіншілер бәрі осы қалпында тұра берсе дейді. Солардың бәрі - халық. Сонда партия нақты кімнің мүддесін қорғайды? Екіншіден, партияның аты өзгергенімен заты өзгерген жоқ. Ішкі құрылымында сол бұрынғы коммунистік идеямен ұйықтап, коммунистік идеямен оянған басшылары қалған. Сондықтан да мен оларға сенбеймін, - деп жауап берді. 

Еске сала кетейік, партияның аты өзгерерде Косарев бұлқан-талқан болып ашуланған. Мұхтар Түменбай Косаревтың осы әрекетіне оң баға берді. 

- Коммунистік партияның алдында, коммунистік идеолгияның алдында адалдығын көрсетті. Оның "жоқ, мен қарсымын" дегені - баяғы бағытты ұстанып жүреміз дегені. Демек бір ізділік бар. Ал қалғандары артық дауысқа, артық мандатқа бола теріс аударылып түсіп отыр, - деді Мұхтар Түменбай.

Еске сала кетейік, бұрынғы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы Косарев Парламенттегі ең кәрі депутат. Жақында ол 83 жасқа толды. 

«Президент диванда жатып сыртынан ғайбаттайтын зат емес» - Балғынбек Имашев
«Мұхтар Шаханов халықты алдап жатыр» - оппозиционер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу