Павлодар облысының бас санитар дәрігері Тоқаевтың сынына жауап берді

Oinet.kz 17-11-2020 1465

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев өңірде COVID-19 жұқтыру дерегін жасыру жағдайы болмағанын айтты. Қазан айында зертханалық зерттеулер мен санитарлық қызметтердің деректері арасында 50 сәйкессіздік болған. Бүгінгі күні бұл жұмыс бір жүйеге келтіріліп, деректер жалпы статистикаға қосылған, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Батырбек Әлиевтің сөзінше, зертханалар нәтижені бірнеше күн дайындайды. Ал санитарлық қызмет жұмысқа бірден кірісіп, эпидемиологиялық тергеу, байланысқандар ортасын анықтап, өңдеуді жүзеге асырады. Бұл статистикадағы сәйкессіздіктің пайда болуына себеп болған. 

- Сәйкессіздіктер болды, бұл шамамен 50 жағдай, қазір олардың барлығы жалпы статистикада есепке алынған. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын есепке алу мен тіркеу жолға қойылды деп айта аламын. Біз зертханалармен күнделікті мониторинг жүргізген кезде, олардың деректері мен шұғыл шақыртулар салыстырылады. Сол себепті бізде жасыру фактілері жоқ, - дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Мемлекет басшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады
Семинар тікелей эфирде өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу