Бүгін танымал боксшы Серік Сәпиевтің туған күні

Oinet.kz 16-11-2020

Осыдан 37 жыл бұрын (1983) қазақстандық саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. 

Серік Сәпиев спортшыларға жеке күзетші беруге қатысты пікірін білдірді —  новости на сайте Ак Жайык

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген. 

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында әскери борышын атқарған. 

2003-2009 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 

2014-2016 жылдары Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған. 

2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған. 

2004-2014 жылдары келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған. 

2010-2012 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған. 

2013-2014 жылдары – «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның спорт жөніндегі директоры. 

2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы. 

2014-2017 жылдары – ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры. 

2017-2019 жылдары – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы (2019-2020). 

2008 жылы «Парасат», 2012 жылы «Отан» ордендерімен, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Нұртас Адамбай асыранды қыздың туған анасын табуына көмектесті
Тараз қаласының тұрғыны 55 жылдан кейін анасымен қауышты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×