«AQ JOL» «Үркер» сыйлығының иегері атанды
Жамбыл облыстық «AQ JOL» газеті «Үркер-2020» сыйлығының иегері атанды.
Жыл сайын ақпарат саласындағы үздіктері анықтайтын «Үркер» сыйлығы биыл 11 номинация бойынша сараланды. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация иегеріне «Үркер» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. Бәйгені ұйымдастырушы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоратвитік қоры.
Белгілі журналист Оралхан Дәуіт бас редакторлық ететін «AQ JOL» газеті «Жылдың үздік газеті» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Бұл аталым бойынша номинаттардың қатарында «Курсив» бизнес апталығы, «Түркістан» халықаралық газеті және «Жас алаш» газеті болды.
Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.