Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Oinet.kz 14-11-2020 4997

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды  Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

image.png

Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылы 25 қазанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған.

Жаңа заң аясында елдер азаматтардың көші-қоны, көші-қон заңнамасының бұзылуы және заңсыз көші-қон арналары туралы ақпаратты, сондай-ақ елдердің бірінің аумағында болуға негізі бар адамдардың құқықтық мәртебесі туралы мәліметтерді алмаса бастайды.

Келісім шеңберінде бір мемлекеттің басқа мемлекет аумағындағы азаматтары туралы статистикалық, құқықтық, ғылыми-әдістемелік ақпаратпен, мәліметтермен алмасу, ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және практикалық көмек көрсету, екі мемлекет азаматтарының құқықтарын, оның ішінде отбасы мүшелерінің тұруға берілген рұқсаттардың мерзімінде тұру құқықтарын қорғау, екі мемлекеттің аумақтарында болу (тұру) үшін негізі бар адамдардың құқықтық мәртебесі мәселелерін қарау көзделеді. Мұндай ақпаратты алмасу тәртібі белгіленеді.

«AQ JOL» «Үркер» сыйлығының иегері атанды
Танымал Халық әртісі қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу