Тоқаев өтірік айтты ма?

Oinet.kz 13-11-2020 1076

Қызылорда облысына тиесілі аңшылық алқаптарды шетелдік құрылтайшылардың компаниялары жалған құжат арқылы пайдаланып келген.

image.png

Бұл туралы журналист Асылхан Мамашұлы жазды.

- Жер мәселесімен басы бүтін шұғылданып жүрген адвокат Бақытжан Базарбектің айтуынша, 2018 жылы көктем-жазда Қызылорда облысының әрбірі 350-650 гектар болатын Мәриямкөл, Жетіасар, Ақбөкен, Нарсойған дейтін 4 жері Біріккен араб әмірліктерінен келген компанияға 20 жылға жалған құжаттармен жалға беріліпті. Жер беру туралы қаулыны облыс әкімі, «Нұр Отанның» Қызылорда облысындағы басшысы шығарған. Бақытжан Базарбек араласқан соң прокуратура тексеріп, екеуін қайтарыпты.

Қызылорда облысының сол кездегі әкімі, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысындағы төрағасы Қырымбек Көшербаев қазір ұмытпасам – мемхатшы - деді А.Мамашұлы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқаев өз жолдауында «Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз» деген болатын. 20 жылға жалға беру – жерді сатумен бірдей болмақ.

Сонда кім өтірікші, мемлекет басшысының сөзін орындамаған, Елбасы жариялаған мораторийды елемеген Көшербаев мырза ма, әлде Тоқаев па?

Ғалымды қолынан ұстап құрметтеген әкім елді сүйсіндірді (фото)
«Ағаділ Жанболатты байқаусызда өлтірдім» - Кісі өлтіруші кешірім сұрады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу