Ғалымды қолынан ұстап құрметтеген әкім елді сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 13-11-2020 1807

Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметовтың қолынан ұстап, ерекше құрметін көрсеткен әкім көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бүгінде аталмыш фото Facebook әлеуметтік желісінде тоқтаусыз жариялануда. 

image.png

- 10 қараша күні Ордабасы ауданы, Шұбар ауылына қарасты Қарауыл төбеге ат басын бұрған ғалымды аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков қарсы алған болатын.  Бүгінде тоқсанға табан тіреген ғалым атамыздың айтары мол. Тарихты тереңінен толғап, туған жердің қадірі мен қасиетін тізгенде, таңданыспен қатар бойыңды мақтаныш сезімі билейді. Нұрбол Әбдісаттарұлы тарихи орындардың маңызын арттыру бағытында ауданда атқарылған жұмыстар мен жоспарларын тілге тиек етті. "Қарауыл төбедегі" жұмыстар - осының бір айғағы.

Ғалым атамыздың сапарласы - атақты сықақшы Көпен Әмірбек екен. Қарауыл төбе биігінде тұрып, қазақтың сайын даласына көз тастап, салмақты ой, салиқалы сөз айтқан Мекемтас Мырзахметовтың әр сөзін қалт жібермей, кейде қалжыңмен әрлеп отырды.

"Жақсының жанында өткен жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай..." деген сөздің негізгі мәні де осындай кездесулерді меңзесе керек - дейді желі қолданушысы Гаухар Нұрмаханқызы.

Сонымен қатар, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылындағы абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында әкім Нұрбол Тұрашбеков тағы бір қайырымды әрекетімен көзге түсті. Жаңбырлы күні атқарылып жатқан біршама істерді таныстырған мердігерге пана болсын деп, қолшатыр ұстап тұрған әкімнің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді. 

image.png

Түркістандық шабандоздар – чемпион
Тоқаев өтірік айтты ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу