Қазақстандық студенттер дәстүрлі оқу жүйесіне қашан көшеді?

Oinet.kz 10-11-2020 813

ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев студенттердің дәстүрлі форматта оқуы туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Оның сөзінше, егер эпидемиологиялық жағдай жақсаратын боса, студенттер қаңтардан бастап университетке барып оқитын болады. Алайда барлығы санитарлық дәрігердің шешіміне байланысты болмақ. 

- Бұл мәселеде бастысы - ұстаздар мен студенттердің денсаулығы. Біз құзырлы орган ретінде өзіміз мұндай шешім қабылдай алмаймыз. Бұл мәселені бас санитарлық дәрігер шешетін болады. Егер осы кісілердің тарапынан белгілі бір шешім қабылданатын болса, келесі семестр, яғни қаңтар айынан бастап жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге дайын. Бірақ ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады, - дейді Тойбаев.

Бақтияр Артаев AIBA-ның вице президенті Серік Қонақбаевты айыптады
Түлкібас: Кезектен тыс Хl конференция өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу