Бақтияр Артаев AIBA-ның вице президенті Серік Қонақбаевты айыптады

Oinet.kz 10-11-2020 845

Бақтияр Артаев AIBA вице-президенті Серік Қонақбаевтың орнына басқа азаматтың басшы болғанын қалайды. Артаев Қонақбаевты қазақстандық спортшыларға жаны ашымайды деп айыптады. Оның орнына еті тірі азамат керек дейді спортшы. 

Бақтияр Артаев 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүниежүзі чемпионатының қола жүлдегері, 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Спорттағы қиындықтары мен мансабы жайлы айтқан спортшы өзі кездескен қарсыластардың ішіндегі ең мықтысын айтты. 

Бахтияр Артаев 2004 жылы Афины олимпиадасында Ресейдің сол кездегі екі дүркін әлем чемпионы Олег Саидовпен жартылай финалда кездесті. Артаев Олегтің өміріндегі кездескен ең мықты қарсылас болғанын мойындайды. Тіпті Геннадий Головкинмен жекпе-жект дәл сондай қиындық болмаған екен. 

- Олег Саидов сырттай қарағанда бойы аласа, денелі емес, қарапайым спортшы. Бірақ ол менің өмірімде кездескен ең мықты қарсыласым. Мен оны бір-екінші раундта жеңіп кетем деп ойладым. Бірақ ол мүмкін болмады. Ол мықты спортшы екен. Менің соққыларым дарымады. Соңына дейін айқастық. Мен намысты қолдан бермей, өз-өзімді қайрап, қалайда жеңу керек деп, бар күш-жігерімді жинадым. Осылайша соңғы раундтарда жеңдім. Бір-екі соққымен ғана жеңдім. Ол бекерге чемпион болмаған екен. Ондай қарсылас көрмеген екенмін. Головкиннің өзімен жекпе-жекте олай қиын болған емес, - деді Артаев "Талқылайық" бағдарламасында.

Бахтияр Артаев Төреғалиге Mercedes-Benz көлігін сыйлағаны рас па?

Бахтияр Артаев: Тимур Құлыбаев маған су жаңа Land Cruiser көлігін сыйлады

Спортшы AIBA Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының вице-президенті Серік Қонақбаев жайлы ойын айтты. 

- Серік ағамызды жақсы көремін. Спортшы ретінде де, аға ретінде де. Бірақ ол кісінің  жұмысына көңілім толмайды. Қазақстандық спортшыларға жақтаспайды. Оларға араша түспейді. Жанашырлық танытпайды. Сондықтан AIBA басшылығана жаны ашитын басқа азамат керек деп ойлаймын. Еті тірі, жас, болмаса елдің тілін табатын азамат керек. Қонақбаевтың жанталасып, айқай-шу шығарғанын көрген емеспін. Бокстағы абыройы мықты шығар, бірақ балалар үшін жанталаспайды. Қазақ балалары әділетсіздіктің құрбаны болып жатқанда жаны ауыратын шығар ағамыздың, бірақ араша түспейді. Оның өз себебі де бар шығар. Мен білмеймін. Мен мәселен Рақымжан Ырысбаевты, Мырзағали Айтжановты ол кісінің орнына ұсынар едім. Екеуі де боксшылар үшін жан алып, жан берісетін азаматтар, - деді спортшы.

Министрлік маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық студенттер дәстүрлі оқу жүйесіне қашан көшеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу