Түлкібас: Кезектен тыс Хl конференция өткізілді

Oinet.kz 10-11-2020 801

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында кестеге сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XL  конференциясы өтті. 

image.png

Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XL конференциясына партия филиалы төрағасы Нұрлан Мархабатұлы төрағалық етіп жүргізді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 53 делегаттың бәрі қатысты. Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясыТүлкібас аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Түлкібас аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту;  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды. 

image.png

Конференция барысында облысқа үміткер 8 кандидаттың арасында жария пікір сайыс өтті, жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап 4 үміткер облысқа ұсынылды. Аудандық праймеризде жоғары дауыс жинаған 34 үміткер аудандық партиялық кадрлық резервке алынды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына 8 делегат сайланды.

Қазақстандық студенттер дәстүрлі оқу жүйесіне қашан көшеді?
Қазақстанды кім асырап отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу