"Ауыл-Ел бесігі" жобасы аясында Түлкібаста көптеген жұмыстар атқарылуда

Oinet.kz 26-06-2022 566

Screenshot_8.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отансүйгіштік сезімнің бастауы- туып өскен ауылыңа деген риясыз көрсетілген құрметтен басталатынын  айтып, болашаққа деген тарихи шешім қабылдаған болатын.

Қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастырып, қазақстандықтардың ыстық ықыласы мен қызу қолдауына ие болып қабылданған бұл стратегиялық құжат  бірнеше маңызды   міндеттер мен мақсаттар жүктеді. 

Ұлт Көшбасшысының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,«Ауыл-ел бесігі» жобасымен алдағы уақытта  Түлкібас ауданы бойынша Балықты, Жаскешу, Шақпақ баба ауылдарындағы  жалпы 23 көше орташа жөндеуден өткізілмек. Жалпы 28,3 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды түрде басталып кетті. 

Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстарының сапасы техникалық қадағалаушы, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" және бөлім тарапынан қадағалануда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

«Келтемашат-Дәубаба» автомобиль жолы жөндеуден өтіп ил игілігіне беріледі
Аудан әкімі көксәйектік тұрғындармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу