Аудан әкімі көксәйектік тұрғындармен кездесті

Oinet.kz 08-06-2022 243

Screenshot_3.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.

Әкім кездесулерінің "икемді жылдық" күнтізбесі "қажет болған жағдайда" тиісті мәслихаттың келісімімен жыл басында әзірленіп, жыл сайын 20 қаңтарға дейін үкіметке ұсыылуы қажет.

Бұған қоса, әкім "халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде" халықпен күнтізбеден тыс кездесіп отыруы тиіс болады.

Осы орайда Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың Көксәйек ауылдық округінде өткен халықпен кездесуінен кейін тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға келген С.Анарбеков округке қарасты ішкі көшелердің тозығы жеткендігін, электр бағаналарын ауыстырып, Досалы би көшесіне жаңа трансформатор орнату қажеттігін айтты. Аудан әкімі елді мекен тұрғынының өтінішіне қатысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2022 жылдың шілде айында Көксәйек елді мекенінің Төлеби, С.Тілеубердиев және Досалы би көшелеріндегі трансформаторлар ауыстырылатынын жеткізді. 

Т.Сералиев «Көксәйек» орталық каналы мен  «Жіңішке» үлкен арығы бойындағы су тасу қаупі бар аумаққа су лотоктарын орнатуды сұранды. Аудан басшысы «Көксәйек» орталық каналы «Төлеби су шаруашылығы» мекемесі арқылы, Жіңішке үлкен арығына жергілікті әкімдік арқылы жобалау-сметалық құжаттары жасалынып, қаржыландыруға ұсынылатынын айтты. 

М.Сералиев тұрғын үйіне жүргізілген табиғи газ құбыры орталық газ жүйесіне қосылмай отырғанына шағымданды. Аудан әкімі 2021 жылдың қараша айында мердігер мекеме «Ақ-Нұр-строй» ЖШС тарапынан  Жастар, Төлеби және Тұрсынбай көшелерінде газ құбырының құрылысы басталғанын, бүгінде газ жүйесін қосу бағытында  жұмыстар жүргізіліп отырғанын жеткізді. Бүгінгі күні 1,42 шақырым газ құбыры тартылып, 14 дана газ шаруашылығын реттеу пункті орнатылды. Бұған қоса, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның талабына сай құжаттарын реттеу жұмыстарын жалғасын табады.

Н.Мусаева Көксәйек елді мекеніндегі ауыз су жүйесіндегі су дебетінің аздығын айтып, осы мәселені ретеуге көмек сұрады. Аудан басшысы Көксәйек елді мекеніндегі су дебетін ұлғайту мақсатында Жіңішке елді мекеніндегі бұлақ көзінен су құбыры тартылатынын, сондай-ақ, елді мекендегі су ұңғымасы ағымдағы жөндеуден өтетінін  айтты.

М.Керимов соңғы жылдары ауылдық округте атқарылған жұмыстар мен жүзеге асқан жобалар қыруар екенін, округтің  орталық көшелерінде түнгі жарық қосылып, жолдар жөнделіп, инфрақұрылым ретке келгенін айтып, осы игі істің басында жүрген азаматтарға алғыстарын жеткізді. Дегенмен, ішкі көшелерді жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмаса деген өтінішін жасырмады. Н.Омарова анасынан мұраға қалған жеке тұрғын үйінің құжатын рәсімдей алмай жүргеніне 14 жыл толғанын, оның техникалық құжаты мен кадастрлық паспортын реттеу ісіне қатысты қиындықтар туындағанын айтып, көмек сұрады. Аудан басшысы аталған мәселені заң аясында шешуге көмек беруді аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Тілеубердиевке тапсырды. 

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы аясында Түлкібаста көптеген жұмыстар атқарылуда
Төлеген Телғараев аудан тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу