Төлеген Телғараев аудан тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 09-06-2022 289

Screenshot_4.jpg

Биыл 7 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы” жарлыққа қол қойды. Құжатта “Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін” деп жазылған.

Осы орайда Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың аумақты басқару ісінің бір ерекшелігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы. Аудан басшысы үнемі халық ортасында, аудан тұрғындарымен ашық-жарқын пікір алмасып, елдің жағдайымен жақыннан танысып, олардың өтініштерін тыңдап жүр. Осы кезге дейін 9 округтің халқымен кездесіп, олардың басқосу барысында көтерген мәселелерінің орындалу мерзімін көрсете отырып, ресми сайт арқылы жауап берді. 

Аудан басшысының оныншы кездесуі Көксәйек ауылдық округінде жалғасын табуда. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етуде. Төлеген Тұртайұлы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, кездесудің үштен бір бөлігінде «Төлеби ауданының 2021 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткішінің қорытындысы мен 2022 жылы атқарылатын жұмыстар» барысын баяндады. 

Округте 2022 жылы жүзеге асып жатқан жобалар, Жіңішке, Қазақстан, Көксәйек елді мекендеріндегі ауыз су жүйесін жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынады. Қазақстан елді мекеніндегі Ғ.Жұмжаев көшесінің 2,0 шақырымы  мен Жіңішке елді мекенінің 3,1 шақырымы жарықтандырылады.

Былтырғы жылы Көксәйек елді мекені Жастар, Төлеби, Ғ.Жұмжаев, Тұрсынбаев, Баба ата көшелерін табиғи  газбен қамту үшін оның ЖСҚ әзірленіп, қаржы қаралды. Округке қарасты 8 көшеге электр желілерін жүргізу және трансформатор орнатуға арналған құрылысты аяқтау бағытында  қаржыландырылды. Көксәйек елді мекеніндегі жаңа массивке  инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу бағытында қаржы бөлінді. Сондай-ақ, елді мекенде орналасқан Мәдениет үйі табиғи газға қосылып, аудандық аурухана маңына бағдаршам қойылды.

Билік пен халық арасында ашық диалог құруға негізделген  кездесу барысында округ тұрғындары өздерін толғарындырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, пікірлерін жеткізуде. 

Аудан әкімі көксәйектік тұрғындармен кездесті
Нұрлан Байғұт Майлыкент ауыл округінің тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу