Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды
Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда жүргізушілердің жол-көлік оқиғасы үшін сөзге келіп, төбелес шығарғаны көрінеді. Қасында тұрған адамдар оларды ажыратпақ болады.
- Талғар орталығында жол-көлік оқиғасы үшін төбелес болып жатыр, - деп жазған Желі қолданушылары.
Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
- Талғарда болған жағдай назарға алынды. Төбелес шығарғандардың аты-жөні анықталып жатыр. Талғар аудандық полиция басқармасына арыз түспеді. Төбелеске қатысқандардың аты-жөні анықталған соң олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді ведомстводағылар.