Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Oinet.kz 05-11-2020 820

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

image.png

Президент - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады.

- Кездесу барысында Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сияқты заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдардың ахуалы туралы ақпарат берілді, - делінген хабарламада.

Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады.

Жоғарғы Бас қолбасшы талқыланған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді.

Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалады.

Зілзала зардабы
Алматы облысында жүргізушілердің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу