Зілзала зардабы
Измирдегі зілзала құрбандарының саны жүз адамға жуықтады. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.
Жарақат алған мыңға жуық адамның 847-сі ауруханадан жазылып шықты, 147 адам ем қабылдауда. Измирде қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Қала мэрінің мәліметінше, 40-тан астам үй тұруға жарамсыз болып қалған. Осы орайда Anadolu агенттігі құлаған ғимараттардың құрылысына жауапты тоғыз адамның ұсталғанын хабарлады.