Түркістанда карантин кезінде той-жиындар тыйылмай тұр

Oinet.kz 19-10-2020 1213

Түркістан облыстық Полиция департаменті мен Төлеби аудандық полиция бөлімі Төлеби ауданында 9 той-жиынды анықтады. Олар Ленгер, Бірінші мамыр, Киелітас, Алатау, Көксайек және т.б. елді мекендерде өткен.

image.png

Карантиндік шектеу шараларын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы мобильді топ қала және елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.

Мобильді топ қоғамдық орындарды, мемлекеттік мекемелер, сауда орындары, дәріханаларды және кәсіпкерлік нысандарды аралап, шектеу талаптарын қатаң сақтау керектігін түсіндіруде. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, карантин талаптары алынбаса да, шектеу шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Мәселен, Түркістан облысы Отырар ауданында карантин талаптарын өрескел бұзған 2 бірдей тұрғын анықталды. Олардың бірі өз үйінің ауласында туыстарының басын қауіп қатерге тігіп, беташар тойын жасаса, екіншісі өз үйінде құдалық өткізген. Аталған екі жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеуге алынып, іс-құжаттары жинақталып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды. 

Келес АПБ қызметкерлерімен жүргізілген рейд кезінде, дәл осындай шектеу ережелерін ескермеген екі тұлға анықталды. 

Екеуі де ауданның мейрамханаларында қыз ұзату тойы мен құдалық жиынын өткізген. Өз кезегінде той иесі мен заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзған тойхана иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жіберілді. 

Облыс полицейлері ескертеді, карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі.

«Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады» - Билл Гейтс
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу